16.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

АПЛ-дің жазғы трансфер терезесі: клубтар алғашқы 10 күнде 400 миллион жұмсады

АПЛ-дің жазғы трансфер терезесі: клубтар алғашқы 10 күнде 400 миллион жұмсады

BBC Sport мәліметінше, ағылшын Премьер-лигасының клубтары жазғы трансферлік науқанды белсенді бастады — маусымның алғашқы 10 күнінде 400 миллион фунт жұмсалды.

Манчестер Сити трансфер нарығындағы ең белсенді клуб болды — команда Тиджани Рейндерс, Райан Черки, Райан Айт-Нури және Маркус Беттинеллиді жалпы сомасы 116,2 миллион фунтқа сатып алды. Манчестер Юнайтед де ірі трансфер жасап, Вулверхэмптоннан бразилиялық шабуылшы Матеус Куньяны 62,5 миллионға алды.

Басқа да елеулі ауысулар:

  • Лиам Делап Ипсвич Таунннан Челсиге 30 миллионға ауысты
  • Брайтон 18 жастағы Харалампос Костуласты Олимпиакостан 29,78 миллионға алды
  • АПЛ чемпионы Ливерпуль Байерден Джереми Фримпонгты 29,5 миллионға қосты

Екінші трансфер терезесі 1 қыркүйек сағат 19:00-ге дейін созылады — клубтар өткен жылғы 1,96 миллиард фунт жалпы шығын рекордын жаңартуы мүмкін.