10.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

АПЛ-дің бұрынғы шабуылшысы мансабын «Ақтөбеде» жалғастырады

Нигериялық вингер Самуэль Калу мансабын «Ақтөбеде» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Seryi CARDINAL» телеграм-каналына сілтеме жасап.

27 жастағы футболшының кейінгі клубы ағылшындық «Уотфорд» болды. Калу команда сапында 13 матч өткізген (соның ішінде Ағылшын Премьер-Лигасында), бірақ гол соққан жоқ. Өткен жылдың тамыз айының соңында нигериялық еркін агент ретінде командадан кетті.

Самуэль Калу мансабында словениялық «Тренчин»,, бельгиялық «Гент», франциялық «Бордо» және швейцариялық «Лозанна» командаларында да ойнады. Transfermarkt.de футболшыны 1,7 миллион еуроға бағалайды.