29.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

АПЛ-дің 6-шы турында МЮ, Ливерпуль және Челси жеңілістерге ұшырады

АПЛ-дің 6-шы турында МЮ, Ливерпуль және Челси жеңілістерге ұшырады

Ағылшын Премьер-лигасының алтыншы турында күтпеген нәтижелермен аяқталған бірқатар матчтар өтті — бірнеше алпауыт клубтар жеңілістерге ұшырады.

Брентфорд Манчестер Юнайтедті 3:1 есебімен сенімді жеңді. Ливерпуль Кристал Пэласқа 1:2 есебімен жол берді — шешуші гол 97-ші минутта соғылды. Челси құрамында адам саны азайып, Брайтоннан 1:3 есебімен жеңілді.

Манчестер Сити әсерлі ойын көрсетіп, Бернлиді 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Тоттенхэм өз алаңында Вулверхэмптонмен қосымша уақытта есепті теңестірді — 1:1. Арсенал сырт алаңда Ньюкаслды 2:1 есебімен жеңді.

Тур соңғы матчы Эвертон мен Вест Хэм арасында дүйсенбі күні өтеді.