30.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Антон Бурдасов «Барыстан» кетуі мүмкін

Антон Бурдасов «Барыстан» кетуі мүмкін

«Барыстың» шабуылшысы Антон Бурдасов мансабын басқа клубта жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, шабуылшы «Барысқа» Челябинск «Тракторынан» ауысты. Тұрақты ҚХЛ чемпионатында астаналық клуб сапында 53 кездесуде ол 17 (12+5) ұпай жинап, командада нәтижелі үздік үш хоккейшінің қатарынан орын алды.

Сондай-ақ 2014/2015 маусымында Бурдасов Санкт-Петербургтің СКА құрамында Гагарин кубогының жеңімпазы атанған болатын.