01.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ансу Фати Барселонамен келісімшартын ұзартып, Монакоға жалға кетті

Ансу Фати Барселонамен келісімшартын ұзартып, Монакоға жалға кетті

«Барселонаның» ресми сайтының хабарлауынша, Ансу Фати каталон клубымен жаңа келісімге қол қойды — келісімшарт 2028 жылдың жазына дейін жарамды.

Келісімшартты ұзартқаннан кейін 22 жастағы қанатшабуылшы «Монакоға» жалға берілді — француз клубы футболшыны бір маусымға алды.

Журналист Фабрицио Романоның хабарлауынша, клубтар арасындағы келісімде сатып алу опциясы қарастырылған — монегаскілер ойыншының құқықтарын 11 миллион еуроға толық сатып ала алады.

Өткен маусымда Фати «Барселона» сапында барлық турнирлерде 11 ойын өткізді — испан футболшысы нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді.