09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Анна Данилина WTA рейтингінің үздік ондығына кірді

Анна Данилина WTA рейтингінің үздік ондығына кірді

Әйелдер теннис қауымдастығы 2025 жылдың 9 маусымындағы рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұптық сындағы Қазақстанның ең үздік теннисшісі Анна Данилина 8 сатыға көтеріліп, 9-орынға жайғасты.

WTA рейтингінің ТОП-100-іне Данилинадан бөлек Юлия Путинцева да енген. Ол 9 сатыға көтеріліп, қазір 64-ші орында.