02.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Анкалаев Махачевті бірінші орынға қойып, өзін үздіктер қатарына қосты

Анкалаев Махачевті бірінші орынға қойып, өзін үздіктер қатарына қосты

UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Магомед Анкалаев үздік бес дағыстандық аралас жекпе-жек шеберлерінің рейтингін жасады, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Анкалаевтың нұсқасы бойынша, көш басында Ислам Махачев тұр. Екінші орынға Хабиб Нурмагомедовті, үшіншіге Умар Нурмагомедовті қойды. Ал төртінші сатыға Шарабутдин Магомедов жайғасса, бесінші орынға өзін енгізді.

Айта кетейік, 5 қазан, жексенбі күні Анкалаев UFC 320 турнирінде жартылай ауыр салмақта бразилиялық Алекс Перейраға қарсы чемпиондық реваншқа шығады. Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.