07.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Аңызға айналған қорғаушы Серхио Рамос күтпеген жерден Мексикада өнер көрсететін болды

Аңызға айналған испан қорғаушысы Серхио Рамос өз мансабын Мексика чемпионатында жалғастыруға шешім қабылдады. Футболшы «Монтеррей» клубымен бір жылдық келісімшартқа қол қойды.

38 жастағы «Реалдың» бұрынғы капитаны 2024 жылдың соңында туған клубы «Севильямен» келісімшарты аяқталғаннан бері командасыз қалған еді. Қызығы Рамос жаңа клубында 93-ші нөмірмен өнер көрсетеді. Ол Чемпиондар лигасының финалында соққан атақты голының (11 жыл бұрын) құрметіне.

«Монтеррейді» — қазір Мексика чемпионатында 10-шы орында тұрған клубты «Манчестер Ситидің» бұрынғы қорғаушысы Мартин Демичелис басқарады. Өзінің көрнекті мансабында Рамос керемет жетістіктерге қол жеткізді:

  • Испания чемпионы атағын 5 рет жеңіп алды
  • Чемпиондар лигасында 4 рет жеңіске жетті
  • Испания құрамасымен әлем чемпионы атанды
  • Еуропа чемпионатында екі мәрте жеңіске жетті

«Монтеррейге» ауысқанға дейін испан ветераны Мадридтің «Реалында» 16 жыл (2005-2021) өнер көрсетті; содан кейін «ПСЖ-де» ойнап туған клубы «Севильяға» оралған болатын.