01.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Кафу 1xBet елшісі Роберто Карлоспен бірге Қазақстанға келді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бразилия құрамасымен екі дүркін әлем чемпионы атанған Кафу Алматыға келді. Аңыз ойыншы еліміздің ең танымал демалыс орындарының бірі – биік тауда орналасқан Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау-шаңғы курортында болды.

Кафу Медеуде Бразилия құрамасының жейдесімен фотосессия өткізіп, жанкүйерлерімен суретке түсіп, қолтаңба таратты.

Атақты футболшы Роберто Карлоспен бірге 2–3 сәуір күндері Алматыда өтетін Meta Sport Forum халықаралық спорт форумына қатысады. Форум аясында қазақстандық спорт қоғамдастығы мен Еуропа мен Америкадан келген қонақтар арасында панельдік пікірталастар мен тәжірибе алмасу сессиялары өтеді.

Сондай-ақ Кафу 3 сәуір күні өтетін Metaratings Top Awards спорт және бизнес саласындағы ұлттық премияның арнайы қонағы болады. Бұл кеште үздік спортшылар мен жаттықтырушылар, менеджерлер мен спорт ұйымдары, журналистер мен блогерлер, сондай-ақ спорт бизнесінің өкілдері марапатталады.