13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Аңыз боксшы мәлімдеме жасады

Аңыз боксшы мәлімдеме жасады

Үш салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы IBF титулының иегері америкалық Джеймс Тони Дэвид Бенавидес ресейлік Дмитрий Биволды нокаутқа түсіре алады деп есептейді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты MMA.Metaratings.ru-ға сілтеме жасап.

«Дэвид Бенавидес белсендірек және қаттырақ соққы береді. Ол Биволды нокаутқа түсіреді», — деді Тони Mill City Boxing-ке берген сұхбатында.

Бенавидес кейінгі рет 2025 жылдың ақпан айында жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен Дэвид Моррелді жеңген болатын. Оның мансабында 30 жеңіс бар (24-і нокаутпен) және жеңіліп көрмеген.