10.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Англия — Сенегал матчы Уэмблиден Ноттингем стадионына көшірілді

Англия — Сенегал матчы Уэмблиден Ноттингем стадионына көшірілді

BBC Sport хабарлағандай, сейсенбіге жоспарланған Англия мен Сенегал құрамалары арасындағы жолдастық кездесу Ноттингемдегі «Сити Граунд» стадионында өтеді — Уэмбли стадионы бұл кезеңде концерттік іс-шараларға жалға берілген.

Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухель матчтың көшірілуіне қатысты пікір білдірді:

«Бай футболдық мұрасы бар қалада күшті африкалық командамен кездесу әлем чемпионатына дайындығымызға көмектеседі. Уэмбли біздің үйіміз болса да, мүмкіндік болған кезде елдің түкпір-түкпірінде ойын өткізу маңызды»

«Сити Граунд» ұлттық құрама матчын бір ғасырдан астам уақыт қабылдаған жоқ — соңғы ойын 1909 жылдың наурызында өтті, онда ағылшындар Уэльсті 2:0 есебімен жеңген.

Уэмблиде алдағы айда жеті концерт, одан кейін тағы 19 іс-шара және Александр Усик пен Дэниел Дюбуа арасындағы бокс кездесуі жоспарланған. Ұлттық стадиондағы құраманың келесі матчы қазан айында Уэльске қарсы өтеді, ал қыркүйектегі Андоррамен әлем чемпионатының іріктеу матчы «Вилла Паркта» өтеді.