21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Англия құрамасының капитаны тізе жарақатына байланысты маусым басын өткізіп алады

Англия құрамасының капитаны тізе жарақатына байланысты маусым басын өткізіп алады

Англия әйелдер құрамасының капитаны Лиа Уильямсон Еуро-2025 финалында алған тізе жарақатына байланысты Әйелдер суперлигасы маусымының басын өткізіп алады.

28 жастағы «Арсенал» қорғаушысы командамен бірге Германиядағы маусым алды жиынға қатыса алмады — футболшының оң тізесінде ісік анықталды. Буынды тазарту отасы сәтті өткеннен кейін Уильямсон бірнеше аптаға созылатын оңалтуды бастады.

2023 жылдың сәуірінде Лиа Уильямсон «Манчестер Юнайтед» қарсы ойында дәл осы тізесінің айқыш байламын жарақаттағаны айта кетерлік. Сол кезде қалпына келу 10 айға созылып, әлем чемпионатын өткізіп алған болатын.

Жаңа жарақатына қарамастан, капитан тарихи жеңіске өз үлесін қосып үлгерді — Англия құрамасы алғаш рет Еуропа чемпионы атанып, пенальти сериясында Испанияны 3:1 есебімен жеңді.