Оқу уақыты: 1 мин

Англия футбол қауымдастығы трансгендер әйелдердің әйелдер футболына қатысуына тыйым салды

Англия футбол қауымдастығы трансгендер әйелдердің әйелдер футболына қатысуына тыйым салды

Англияның футбол қауымдастығы (FA) маңызды шешім қабылдады — 2025 жылдың 1 маусымынан бастап трансгендер әйелдер енді әйелдер футболына ешбір деңгейде қатыса алмайды. Бұл шешім Ұлыбритания Жоғарғы сотының жақында қабылдаған қаулысына негізделіп қабылданды, онда «әйел» ұғымы тек биологиялық жыныс арқылы анықталуы тиіс деп көрсетілген.

Қауымдастық өз мәлімдемесінде бұл мәселені «күрделі және көпқырлы» деп сипаттап, бұдан кейінгі өзгерістердің заңнама, ғылым немесе спорттық саясаттағы елеулі жаңалықтарға байланысты қайта қаралуы мүмкін екенін атап өтті.

2024 жылдың сәуір айында ФА трансгендер спортшыларға қатысты қатысу шарттарын қатаңдатқан болатын. Ол талаптар мыналарды қамтыды:

  • Төмен тестостерон деңгейін растау;
  • Гормондық терапия туралы медициналық құжаттар ұсыну;
  • Жыл сайын емделу барысын қайта қарау;
  • Арнайы мамандар бақылауы.

Алайда бұл аралық кезеңдік ережелер енді күшін жойды. 2025 жылдың жазынан бастап әйелдер футболына тек биологиялық әйелдер ғана қатыса алады.

Бұл шешім елдегі спорт саласындағы инклюзия мен әділеттілік мәселелеріне қатысты кең пікірталастар тудырды.