Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Ангелина Лукас жақында үлкен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (14-1, 7 КО) шаршы алаңға жақын арада оралатыны туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жақында үлкен жекпе-жек болады. Жекпе-жекке 38 күн қалды», — деп жазды Лукас Instagram парақшасында.

Ангелина Лукастың қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз, бірақ бұған дейін ол жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы, америкалық боксшы Габриэла Фундорамен (16-0, 8 КО) жұдырықтасуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Бір апта бұрын Фундара мексикалық Мэрилин Бадилло Амаямен (19-1-1, 3 КО) жұдырықтасып, оны жетінші раундта нокаутқа жіберді.

Лукастың соңғы жекпе-жегін осы жылдың ақпан айында өтзіп, екінші раундта боливиялық Есения Токоны (1-1, 0 КО) ұтты.