23.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Андрей Мартин «Ордабасыдан» кетуі мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Андрей Мартин «Ордабасыдан» кетуі мүмкін

Шымкенттік «Ордабасы» клубының бас бапкері Андрей Мартин Қазақстан кубогынан ұшып кеткен жағдайда қызметінен босатылуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады.

Клуб басшылығы командаға Қазақстан кубогын жеңіп алуды міндет етіп қойды. Бұл — келесі маусымда еурокубоктерге жолдама алудың жалғыз жолы ретінде қарастырылып отыр.

Еске салайық, жартылай финалда шымкенттіктердің қарсыласы — петропавлдық «Қызылжар». Қос команданың алғашқы кездесуі 0:0 есебімен тең аяқталған.

Клубқа жақын дереккөздердің мәліметінше, егер «Ордабасы» турнирден шығып қалса, молдовалық маман қызметінен кетеді. Бұл шешім бапкерлік штабтың тағдырына да тікелей әсер етеді.

Айта кетейік, «Ордабасы» биылғы маусымда Конференциялар лигасынан бірінші кезеңде-ақ шығып қалды — команда тбилиссилік «Торпедоға» жол берді. Қазір Премьер-лигада шымкенттіктер 23 ұпаймен сегізінші орында тұр.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!