11.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Андрей Мартин: Еурокубокта бәрін ұсақ-түйек шешеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Андрей Мартин: Еурокубокта бәрін ұсақ-түйек шешеді

«Ордабасы» клубының бас бапкері Андрей Мартин Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Торпедо» (Кутаиси) командасымен өткен матчтан кейін өз пікірін білдірді.

– Бұл – Еурокубок ойыны, онда бастапқы кезеңде шамалас қарсыластар кездеседі. Әдеттегідей, мұндай матчтарда мүмкіндік 50 де 50 деп айтамын. Бәрін ұсақ-түйек шешеді – бүгін соны көрдіңіздер. Есеп әртүрлі өзгеріп отырды: бірде алаң иелері алда болды, бірде біз есепте көш бастадық…

Стандарттар өте үлкен рөл атқарды: қарсылас екі голды стандарттан соқты, біз де бір голды солай кіргіздік. Яғни, матч көрермендерге ұнаған болар, бірақ бапкерлерге – аса емес. Өйткені екі команда да көп гол жіберіп алды. Бұл – бапкер үшін жақсы көрсеткіш емес.

Бірақ жалпы жақсы ойын болды. Қарсыласымыз – лайықты команда. Енді кім келесі кезеңге лайық екенін екінші ойында көреміз, – деді Мартин.

Еске салайық, Конференциялар лигасы іріктеуінің алғашқы ойынында «Ордабасы» сырт алаңда «Торпедоға» 3:4 есебімен есе жіберді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!