22.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Андрей Демченко: «Қайратқа» қарсы қорқып ойнадық

Андрей Демченко: «Қайратқа» қарсы қорқып ойнадық

Футболдан Қазақстан премьер лигасының 8-тур матчы аясында «Қайрат» өз алаңында «Жеңіс» футбол клубын қабылдады. Алматылық ұжым «Жеңіс» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Тартысты кездесуден кейін «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері Андрей Демченко пікір білдірді.

Чемпиондарға қарсы ойнағанымыз сезілді. «Қайратпен» ойында біздің ойыншыларда қобалжу, қорқу болды. Сондықтан біз өз ойынымызды көрсете алмадық. Жіберген голдарымыз да өрескелі болды.

Айта кетейік, «Қайраттың» келесі матчы Чемпиондар лигасы аясында мадридтік «Реалға» қарсы өтеді.