28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Андрей Демченко: «Мақсат – әр матчта жеңіске жету»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Андрей Демченко: «Мақсат – әр матчта жеңіске жету»

Астаналық «Жеңіс» клубының бас бапкері Андрей Демченко Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында маусымның қалған бөлігіне қатысты команданың жоспары мен мақсаттарын бөлісті.

Маманның айтуынша, команда турнир кестесінде мүмкіндігінше жоғары көтерілуге тырысады.

«Мақсатымыз – турнирлік кестеде барынша жоғары орынға көтерілу. Қай жерден бастағанымызды білеміз, қазіргі орнымыз да белгілі. Кез келген ойында алға жылжып, әр кездесуде жеңіске жетуді көздейміз», – деді Демченко.

Қазіргі таңда «Жеңіс» 18 турдан кейін 24 ұпаймен ҚПЛ кестесінде жетінші орында тұр. Келесі матч 3 тамыз күні сырт алаңда «Ақтөбеге» қарсы өтеді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!