28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Андрей Демченко: «Кубок – бұл Еуропаға шығудың мүмкіндігі»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Андрей Демченко: «Кубок – бұл Еуропаға шығудың мүмкіндігі»

«Жеңіс» клубының бас бапкері Андрей Демченко Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында маусымның қалған бөлігіне қойылған басты мақсатты атады. Маманның айтуынша, команда Қазақстан Кубогын басты бағыт ретінде қарастырып отыр.

«Кубок – бұл еурокубоктарға жолдама алудың тамаша мүмкіндігі. Біз бұл турнирге үлкен мән беріп отырмыз. «Тобылмен» өтетін жауапты ойынға барынша жақсы дайындалуға тырысамыз. Мақсат – финалға жолдама алу», – деді Демченко.

Қазіргі таңда «Жеңіс» Премьер-лигада 18 турдан кейін 24 ұпаймен жетінші орында тұр. Клуб келесі кездесуін 3 тамыз күні сырт алаңда «Ақтөбеге» қарсы өткізеді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!