04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Андре Йеглерц Еуро-2025 кейін Манчестер Ситидің әйелдер командасын басқарады

Андре Йеглерц Еуро-2025 кейін Манчестер Ситидің әйелдер командасын басқарады

«Манчестер Ситидің» ресми сайтының хабарлауынша, Андре Йеглерц әйелдер командасының жаңа бас бапкері болады — швед маманымен келісімшарт 2029 жылға дейін жасалған.

Бірнеше ай бұрын клуб сәтсіз маусымнан кейін Гарет Тейлормен қоштасты — команда төртінші орын алып, Чемпиондар лигасына шыға алмады. Уақытша бапкер міндетін Ник Кашинг атқарып жатыр.

«Манчестер Сити — әлемдегі ең ірі клубтардың бірі. Командада талантты футболшы қыздар көп. Менің басты міндетім — басталған жұмысты жалғастырып, клубты жаңа деңгейге көтеру. Біз жеңіске жетіп, ойыншыларды дамытып, күн сайын жақсара түскіміз келеді», — деді Йеглерц.

53 жастағы маманның тәжірибесі мол — ол швед «Умеосын» әйелдер Чемпиондар лигасында жеңіске жеткізді, Финляндия құрамасын басқарды, ал қазір алда келе жатқан Еуро-2025-те өнер көрсететін Дания ұлттық құрамасының тізгінін ұстап отыр.