Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Анчелоттидің «Реалдағы» болашағы белгісіз күйінде қалып отыр — шешуші сәт жақындап келеді

Marca басылымының хабарлауынша, мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелоттидің клубтағы болашағы әлі де нақты анықталған жоқ. Бұған дейін Sky Sports Италиялық маман Испания Кубогының финалынан кейін қызметінен кетуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Клуб президенті Флорентино Перес пен атқарушы директор Хосе Анхель Санчес маусым қорытындысын талқылау үшін Анчелоттимен жеке кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Relevo мәліметінше, кейбір «Реал» ойыншылары бапкерге деген сенімін жоғалта бастаған. Олар «Арсеналға» қарсы жауап матчта нақты тактикалық жоспардың болмауын сынға алған.

65 жастағы Анчелоттидің тағдыры жақын күндері шешілуі мүмкін. Испания Кубогының финалында «Барселонаны» жеңу — оның қызметте қалуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болмақ.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!