Оқу уақыты: 1 мин

Анчелоттидің Бразилия құрамасында қанша табыс табатыны белгілі болды

Анчелоттидің Бразилия құрамасында қанша табыс табатыны белгілі болды

Globo Esporte мәліметінше, Бразилия құрамасының жаңа бас бапкері Карло Анчелотти жылына 10 миллион еуро табыс табады — бұл оның мадридтік «Реалдағы» қазіргі жалақысына тең.

65 жастағы италиялық маманға 2026 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен жағдайда қосымша 5 миллион еуро сыйақы берілетін болады.

Бүгін бес дүркін әлем чемпиондарының жаттықтырушысы қызметіне Анчелоттидің тағайындалуы ресми түрде расталды.