Оқу уақыты: 1 мин

Анчелотти: «Жеңіс толығымен лайықты болды»

Анчелотти: «Жеңіс толығымен лайықты болды»

«Реал Мадридтің» бас бапкері Карло Анчелотти «Мальоркаға» қарсы 2:1 есебімен жеткен жеңіс туралы пікір білдіріп, команда ойынына жоғары баға берді. Бұл туралы Marca хабарлады.

— Команда өте жақсы ойнады, күресті, қарқынды әрекет етті. Жеңіске толық лайық болдық, — деді италиялық маман.

Анчелотти ойынның күрделі басталғанын мойындады, бірақ команда барлық аспектілерде сапалы ойын көрсеткенін атап өтті.

— Қазір құрамда 12 ойыншы жарақат алған. Бұл өте сирек жағдай. Соған қарамастан, дұрыс көзқарас пен тәртіптің арқасында барлық олқылықтарды жаптық. Бүгінгідей 40 рет қақпаға соққы жасағанымыз есімде жоқ, — деді бапкер.

Анчелотти маусымды сәтті аяқтауға деген ұжымдық ниетті де ерекше атап өтті.