Оқу уақыты: 1 мин

Анчелотти «Реалдан» кететінін командаға айтты

Анчелотти «Реалдан» кететінін командаға айтты

The Athletic басылымының мәліметінше, мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти команда ойыншыларына клубтан кететінін хабарлаған, деп жазады Prosports.kz. Дегенмен клуб басшылығы оны маусымда АҚШ-та өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына дейін ұстап қалғысы келеді.

Анчелоттидің кетуіне басты кедергі — өтемақы мәселесі. Егер бапкер өз еркімен кетсе, келісімшарттағы соңғы жылына тиесілі 11 миллион еуродан айырылып қалады. Қазір қос тарап осы соманы талқылап жатыр.

Ал Бразилия футбол конфедерациясы (CBF) Анчелоттиді ұлттық құраманың бас бапкері ретінде қарастырып отыр. Олар бұрынғы қателіктерді қайталамау үшін келіссөздерге аса сақтықпен қарап отыр. Осы арада Мадридтегі дереккөздер «Реал» мен бапкер арасындағы келіссөздер жалғасып жатқанын және Анчелоттидің тағдыры сол талқылауларға байланысты екенін жеткізді.