Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Анчелотти өз футболшысын сынға алды

«Реал Мадрид» бас бапкері Карло Анчелотти бразилиялық шабуылшы Эндриктің ойынын сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оның екі мүмкіндігі болды. Біреуінде ойыннан тыс қалған болуы да мүмкін. Бірақ ондай қадамға бармауы тиіс. Ол әлі жас, үйренері көп. Оқыс қимыл жасамай, бар күшімен тебуі керек еді. Бұл театр емес, бұл – футбол», – деді «Реал» бас бапкері.

Эндрик «Хетафеге» қарсы матчта допты қақпашыдан асыра салғысы келген, алайда онысы сәтсіз шыққан еді.