Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Анчелотти отставкаға кетсе «Реалды» кім басқаратыны белгілі болды

Анчелотти отставкаға кетсе «Реалды» кім басқаратыны белгілі болды

«Байер» бас бапкері Хаби Алонсо жақын арада мадридтік «Реалды» басқаруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы журналист әрі инсайдер Маттео Моретто X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, Алонсо жақын күндері «Байер» басшылығымен кездесіп, Испанияға оралу ниетін ресми хабарлауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ «Реалдың» қазіргі бапкері Карло Анчелотти клубтан кетуге жақын екені хабарланды. Италиялық маман Бразилия құрамасымен келіссөздерді аяқтауға жақын және бес дүркін әлем чемпиондарымен жұмыс істеуге келісіп те қойды.

Хаби Алонсоның «Байермен» келісімшарты, 2025/2026 маусымының соңына дейін.