Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Анчелотти маусым соңына дейін жұмысын жалғастырмайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Sky Sports мәліметінше, «Реал Мадрид» бас бапкері Карло Анчелотти маусым соңына жетпей-ақ қызметінен кетуі мүмкін. Итальяндық маман Испания кубогының финалынан кейін орнын босатуы ықтимал.

Егер команда финалда жеңілсе, жағдай одан да жылдамырақ өзгеруі мүмкін. Клуб басшылығы жаңа бапкерді ерте тағайындап, оның Клубтар арасындағы әлем чемпионатына дейін командаға бейімделуіне мүмкіндік беруді қарастырып отыр.

Бас бапкер лауазымына басты үміткер ретінде қазіргі таңда «Байер» клубын жаттықтырып жүрген Хаби Алонсо қарастырылуда. Ол мадридтік клубтың бұрынғы ойыншысы ретінде жанкүйерлер мен клуб құрылымына жақсы таныс.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!