Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Анчелотти: «Камавинга мен Алабаның жағдайы алаңдатады»

«Реал Мадридтің» бас бапкері Карло Анчелотти алдағы «Барселонамен» болатын матч алдында командадағы жарақаттар жайлы айтты, деп хабарлайды As басылымы.

Жуырда өткен «Хетафемен» ойында Эдуардо Камавинга матч соңында бұлшық етінде жайсыздық сезінген. Дәл осындай жағдай қорғаушы Давид Алабада да тіркеліп отыр.

«Ертең нақтырақ білеміз, бірақ екі ойыншының да бұлшық еттері мазалап тұр. Сенбіге дейін толық қалпына келуі екіталай», — деді Анчелотти.

Фран Гарсияның қорғаныстың сол қапталындағы жалғыз нұсқа екені туралы сауалға маман нақты жауап берді: «Иә, қазіргі таңда бізде сол позицияда тек Фран ғана бар».

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!