Оқу уақыты: 1 мин

Анчелотти Бразилияға барады

Анчелотти Бразилияға барады

Карло Анчелотти маусым соңында «Реал Мадридтен» кетіп, 26 мамырдан бастап Бразилия құрамасының бас бапкері қызметіне кіріседі. Бұл туралы Бразилия футбол конфедерациясы ресми мәлімдеді.

65 жастағы италиялық маман мадридтік клубпен екі рет жұмыс істеп, соңғы маусымда алтын дубльге қол жеткізген еді. Алайда жуырда өткен Эль Класикодағы жеңілістен кейін және «Барселонадан» жеті ұпай қалып қою — бұл шешімге әсер еткен болуы мүмкін.

«Бұл тарихи оқиға — жалғыз бес дүркін әлем чемпионы мен еурокубоктарда теңдесі жоқ бапкердің бас қосуы», — деп жазды Бразилия футбол конфедерациясы.

Анчелоттидің «Реалмен» келісімі 2026 жылға дейін есептелгенімен, тараптар оны мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде келісімге келді.