Оқу уақыты: 1 мин

Анчелотти Бразилия құрамасының тізгінін ұстайды

Анчелотти Бразилия құрамасының тізгінін ұстайды

Бразилия футбол конфедерациясы Карло Анчелоттидің ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде хабарлады. 65 жастағы италиялық маман маусым соңында «Реал Мадридпен» қоштасып, жаңа қызметіне кіріседі.

«26 мамырдан бастап мен Бразилия құрамасының бапкерімін. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік, бірақ алдымен Мадридтегі кезеңімді лайықты аяқтағым келеді», — деді Анчелотти.

Ол «Реалмен» ешқашан келіспеушілік болмағанын атап өтті. «Бұл клуб менің жүрегімде мәңгі қалады. Бірақ бәрінің соңы бар. «Реалға» жаңа серпін керек», — деді бапкер.

Анчелотти «Реалдағы» екі кезеңінде 15 трофей жеңіп алды, оның ішінде Чемпиондар лигасының үш кубогы бар. Оны Мадридте қазіргі «Байер» бапкері Хаби Алонсо алмастырады.