Оқу уақыты: 1 мин

Анчелотти Бразилия құрамасының бас бапкері атанды

Анчелотти Бразилия құрамасының бас бапкері атанды

Бразилия футбол федерациясы Карло Анчелоттидің ұлттық құраманың жаңа бас бапкері болғанын ресми түрде растады. Италиялық маман бес дүркін әлем чемпиондарын маусым соңында жаттықтыра бастайды.

Geglobo дерегінше, Анчелоттидің жылдық жалақысы — 10 миллион еуро. 2026 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен жағдайда оған қосымша 5 миллион еуро сыйақы беріледі.

Анчелотти 26 мамырда, «Реал Мадрид» пен «Реал Сосьедад» арасындағы Ла Лиганың соңғы турында соңғы рет корольдік клубты жаттықтырады. Оны Мадридте «Байер» бапкері Хаби Алонсо алмастыруы мүмкін.

Бразилия құрамасы жаңа бапкердің жетекшілігімен алғашқы матчтарын маусым айында Эквадор мен Парагвайға қарсы өткізеді.