27.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Анауэль Нгамиссен: Бұл жекпе-жекке тіпті қазақстандықтар да дайын емес

Жеңіліп көрмеген француз үміткер Анауэль Нгамиссен (14-0, 9 КО) әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) өтетін алдағы жекпе-жек туралы пікір білдірді.

«Бұл – менің өмірімдегі ең маңызды жекпе-жек, бүкіл әлем күтіп отырған айқас. Мен үшін француздар мен конголықтар жанкүйер болып отырғанын білемін. Тек бір нәрсені айта аламын: бұл жекпе-жек әлемді таң қалдырады. Бұл жекпе-жекке тіпті қазақстандықтар да дайын болмайды. Бірінші раундтан соңғы раундқа дейін нағыз шайқас күтіп тұр. Ақылға сыймайтын, тарихи оқиғаны күтіңіздер. 5 сәуірде кездескенше!» — деді Нгамиссен.

Чемпиондық жекпе-жек 5 сәуірде Астанада өтеді. Қарсыластар орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерін сарапқа салады.