10.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Анастасия Оразбаева: Оңтүстік Кореяны салқынқандылықтың арқасында жеңдік

Анастасия Оразбаева: Оңтүстік Кореяны салқынқандылықтың арқасында жеңдік

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяға қарсы қиын матч өткізді. Алайда овертаймда қарсыластарын жеңіп, 2025 жылғы Азия ойындарының плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты. Бұл туралы prosports.kz жазды.

Команда капитаны Анастасия Оразбаева жеңіске салқынқандылықтың арқасында қол жеткізгендерін атап өтті.

«Ойын біраз қиын болды. Бапкердің тапсырмасын дұрыс орындай алмадық. Бірақ жеңіс бізде қалды. Бәлкім, қарсыласты салқынқандылықтың арқасында жеңген шығармыз. Олардың жіберген қателігі бізге жеңіс әкелді.

Бұл – жүлде үшін күрестегі жақсы қадам. Біздің мақсат – медальға қол жеткізу. Басқа жол жоқ. Қарсыластармен бұған дейін Азия чемпионатында кездескенбіз. Барымызды саламыз,» – деп қорытындылады хоккейші.