28.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Аморим Кубок лигасынан сенсациялық шығып қалғаннан кейін МЮ жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Аморим Кубок лигасынан сенсациялық шығып қалғаннан кейін МЮ жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Sky Sports мәліметінше, «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Рубен Аморим ағылшын Кубок лигасының екінші кезеңінде «Гримсби Таун» командасынан 2:2 есебімен тең ойнап, пенальти сериясында 11:12 есебімен жеңілгеннен кейін пікір білдірді.

«Мен таңғалдым, себебі клуб көптеген өзгерістер енгізіп жатқан кезеңде тұр. Біз көптеген жағдайлармен күресуге тырысамыз, бірақ мұндай сәттерде өзімізді көрсетуіміз керек», — деді Аморим.

«Жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді. Олар барлық жеңілістерге қарамастан, мені әрдайым қолдап келеді. Кешірім сұраудан басқа айтарым жоқ», — деп қосты португалиялық маман.