Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Амир Омарханов Тунистегі турнирде жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық теннисші Амир Омарханов Тунистегі ITF сериясындағы турнирдің екінші айналымына өтті. Жарыстың жүлде қоры – 15 мың АҚШ доллары.

Әлемдік юниорлар рейтингінде 11-орында, ал ATP тізімінде 1036-орында тұрған Амир алғашқы айналымда Алжир өкілі Самир Хамзуды (668-орын ATP) 3:6, 7:6 (9:7), 7:5 есебімен жеңді.

Омарханов екінші сетте 1:4 есебімен жеңіліп жатқанымен, керемет камбэк жасап, тай-брейкке жеткізді. Онда үш матч-пойнтты қайтара отырып, 7:6 (9:7) есебімен сетті өз пайдасына шешті. Шытырманға толы матч үш сағаттан астам уақытқа созылды.

Квартал финалға шығу үшін Амир келесі айналымда Константин Биттун-Кузьмин (Франция) мен Лука Констаньола (Италия) арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

 Ақпарат: Қазақстан теннис федерациясы сайтынан