27.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Амир Омарханов ITF турнирінің ширек финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Амир Омарханов ITF турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстан теннис федерациясының ресми сайты хабарлағандай, Қазақстандық теннисші Амир Омарханов (ATP рейтингінде 1036-орында) Тунисте өтіп жатқан ITF M15 Monastir турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Омарханов екінші айналымда италиялық Лука Констаньоланы (738-орын) 7:5, 6:2 есебімен сенімді жеңді.

Келесі айналымда ол француз Шарль Бертимонмен (1343-орын) немесе турнирдің бірінші ракеткасы, неміс Том Гентцпен (472-орын) кездеседі. Матч 28 ақпан күні түстен кейін өтеді.