22.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Амир Омарханов ITF М15 турнирінің алғашқы финалына шықты

Амир Омарханов ITF М15 турнирінің алғашқы финалына шықты
Амир Омарханов мансабында алғаш рет Тунисте өтіп жатқан ITF M15 сериялы турнирдің жекелей сында финалына шықты.

Жартылай финалда қазақстандық 52 минутта неміс Мик Петковичті (776 АТР) 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Финалда 18 жастағы Амир тағы бір неміс теннисшісі Макс Шонхаусқа (824 ATР) қарсы ойнайды. Ақтық ойын ертең 23 қарашада өтеді.