25.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Амир Омарханов алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Амир Омарханов алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Астанадағы ұлттық теннис орталығы Beeline Arena-да ересектер арасындағы жазғы Қазақстан чемпионатының алғашқы финалисі анықталды.

ITF Juniors рейтингінде әлемнің 23 сатысында тұрған Амир Омарханов ел біріншілігінің жартылай финалында тартысты ойында Ислам Орынбасарды 6:2, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Айта кетейік, Ислам Орынбасар – АҚШ-тың Алабама штатындағы William Carey University колледжінің студенті. Ол бұл оқу орнында екі жыл қатарынан үздік теннисші атанған.

Финалда Амир Григорий Ломакин мен Тимур Мауленов арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Lexus. Experience Amazing
Турнирдің бас демеушісі — Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы