19.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Американдық инвесторлар италиялық «Монцаны» сатып алуға жақын

Американдық инвесторлар италиялық «Монцаны» сатып алуға жақын

Джанлука Ди Марционың мәліметінше, американдық инвесторлар «Монца» футбол клубын сатып алу туралы келіссөздердің соңғы кезеңінде тұр — тараптар мәміленің соңғы егжей-тегжейлерін келісуде.

Сатып алушылардың мүдделерін бұрын «Рома» клубының бас директоры қызметін атқарған Мауро Бальдиссони білдіреді. Клубтың спорт директоры қызметіне «Интер» мен Аргентина құрамасының бұрынғы қорғаушысы, «Бока Хуниорс» пен «Фиорентинада» жұмыс тәжірибесі бар Николас Бурдиссоны тағайындау жоспарлануда.

38 ойында 18 ұпай жинап, Серия А-да соңғы орынға түскен «Монца» жоғары дивизионда үш маусымнан кейін қоштасты. Клубтың қазіргі бас директоры Адриано Галлиани басқаруды біртіндеп өткізу үшін бастапқы кезеңде өз қызметін сақтап қалуы мүмкін.