02.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Америкалық промоутер Головкиннің IBHOF-қа өтуіне сенімді

Америкалық промоутер Головкиннің IBHOF-қа өтуіне сенімді

АҚШ промоутері әрі кәсіпқой бокс инсайдері Рик Глэйзер Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқ залына ұсынылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мұнда бәсеке жоқ — ол міндетті түрде таңдалады. Головкинді даңқ залына қосады. Оның ресми түрде мансабын аяқтаған-аяқтамағаны маңызды емес — шешім соңғы жекпе-жек күніне қарай қабылданады, ал ресми мәлімдеме рөл ойнамайды», — деді Глэйзер.

Айта кетейік, Головкиннің номинациясы 2 қазанда белгілі болды. Дауыс беру қорытындысы 1 желтоқсанда жарияланады. Онда АҚШ, Жапония, Англия, Канада, Аргентина, Австралия, Нидерланд, Германия және Мексикадан келген бокс сарапшылары мен тарихшылары қатысады.

42 жастағы қазақстандық боксшы — Олимпиаданың күміс жүлдегері, қазіргі IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы және WBC, IBF, WBA, The Ring белбеулерінің бұрынғы иегері. Соңғы рет ол 2022 жылы Сауль Альвареспен рингке шығып, жеңіліс тапқан. Жалпы есебінде 42 жеңіс, екі жеңіліс және бір тең есеп бар.