Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Америкалық телепродюсер Жәнібек Әлімханұлының әлеуметтік желілерін сынға алды

Америкалық телепродюсер Жәнібек Әлімханұлының әлеуметтік желілерін сынға алды

FOX және PBC-мен жұмыс істеген америкалық телепродюсер және кеңесші Марк Ортега орта салмақтағы IBF/WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының әлеуметтік желілеріне қатысты сын айтты.

Сынға себеп болған — Әлімханұлының WBC чемпионы Карлос Адаместі «жойып», «зейнетке жіберемін» деген жазбасы.

Бокс қауымдастығында қазақстандық чемпионның әлеуметтік желі аккаунттарын өзі емес, командасының өкілі басқарады деген болжам пайда болды.

«Әлімханұлының аккаунтын кім басқарса да, ол өзінің боксшы болу арманын косплей жасап жүр, мұны көру шынымен өкінішті», — деді Ортега.

Айта кетерлігі, қазақстандық боксшы Адамеске жолдаған үндеуінде испан тілін де қолданған.