Оқу уақыты: 1 мин

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасып, Қазақстанда өнер көрсеткісі келеді

Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасып, Қазақстанда өнер көрсеткісі келеді

Орта салмақтағы америкалық боксшы Джахай Такер (14-1-1, 6 КО) IBF және WBO титулдарының иегері Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) Қазақстанда кездесуге ниет білдірді.

Жәнібекпен 24-25 жасқа толғанға дейін жұдырықтасқым келеді. Мен оның еліне барып, белбеулерін алып, үйге ораламын, — деді 22 жастағы Такер Tha Boxing Voice-ке берген сұхбатында.

Жақында Такер Лас-Вегаста британдық Трой Уильямсонды (20-4-1, 14 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Дәл сол күні Әлімханұлы Астанада өз чемпиондық атақтарын сәтті қорғап, француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта жеңіске жетті.