21.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алжирлік олимпиада чемпионы Иман Хелиф бокстағы мансабын аяқтады

Алжирлік олимпиада чемпионы Иман Хелиф бокстағы мансабын аяқтады

Париж Олимпиадасында 66 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иегері алжирлік спортшы Иман Хелиф спорттық мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды nicematin.com.

Сингапурдағы жалғыз жекпе-жектен кейін Хелиф кәсіби бокста жолын жалғастыра алмады — келісімшартқа қол қою үшін тағы төрт кездесу өткізу қажет болды.

«Иман бокс әлемінен кетті. Келіспеушіліктерден кейін ол бәрін тастап, тіпті жаттығуларын да қайта бастамады», — деді спортшының бұрынғы бапкері және менеджері Нассер Йесфах.

Айта кетейік, 2023 жылы Хелиф бокстағы жаңа талап — гендерлік тестті өте алмағандықтан әлем чемпионатына жіберілмеді.