22.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алуа Балқыбекова темір тұлпар тізгіндеді

Алуа Балқыбекова темір тұлпар тізгіндеді

2025 жылы екі дүркін әлем чемпионы атанған Алуа Балқыбекова жылдың қорытындысы бойынша ерекше құрметке бөленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы бокс федерациясы бокстан бір жылда екі бірдей әлем чемпионатын жеңіп алған Алуа Балқыбековаға темір тұлпар сыйлады. Ал басқа былғары қолғап шеберлері мен олардың бапкерлеріне ақшалай сыйақы бұйырды.

Айта кетейік, Алуа Балқыбекова наурыз және қыркүйек айында Сербия мен Англиядағы жаһандық додада қарсылас шақ келтірмеген болатын.

Дәл осындай көрсеткішке биыл тек Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева ғана қол жеткізді.