04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алуа Балқыбекова Астанадағы Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Алуа Балқыбекова Астанадағы Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының жартылай финалына шықты. 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда ол Жапония өкілі Юна Нисинакуды сенімді түрде жеңді.

Бұл жеңісінің арқасында Балқыбекова кемінде қола медальді қамтамасыз етті. Ал жапониялық боксшы турнирдегі жорығын аяқтады.

Алуа Балқыбекова — қазіргі әлем чемпионы. Сондай-ақ ол екі мәрте әлем біріншілігінің жүлдегері атанған: 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола медаль жеңіп алған.