15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алуа Балқыбекова әлем чемпионы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Алуа Балқыбекова әлем чемпионы атанды

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова (51 кг) алтын медаль жеңіп алды.

Финалда ол түркиялық Бусеназ Чакыроглумен кездесіп, алғашқы екі раундтан-ақ басым түсті. Жинақы қимылдап, қарсыласына көбірек соққы жұмсаған Балқыбекова айқын басымдықпен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Бұл жеңіспен Қазақстан құрамасының алтын медальдар қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Бұған дейін Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Санжар Тәшкенбай (50 кг) чемпион атанса, Назым Қызайбай (48 кг) күміс жүлде еншілеген болатын.