10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Ливерпульде өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова (51 кг) 1/8 финалда оңтүстіккореялық Га Ён Мунды сенімді түрде ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Жекпе-жек толықтай қазақстандық спортшының бақылауында өтті: төрешілер 5:0 есебімен бірауыздан жеңісті Балқыбековаға берді. Екінші раундта Алуа қарсыласын тізерлеткен нокдаунға жіберіп, басымдығын бекіте түсті. Мун турнирдегі жолын аяқтады.

Айта кетейік, Алуа Балқыбекова 2024 жылы Сербияның Ниш қаласында өткен IBA әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері, сондай-ақ Азияның екі дүркін чемпионы.