03.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Альваро Каррера: «Допинг расталса, Жәнібектің элитадағы жолы қиындайды»

Альваро Каррера: «Допинг расталса, Жәнібектің элитадағы жолы қиындайды»

DAZN España журналисі, KO a la Carrera подкасының авторы әрі танымал ММА және бокс инсайдері Альваро Каррера Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каррера бұл жағдайға өкініш білдіріп, жекпе-жек Жәнібек үшін үлкен мүмкіндік болғанын атап өтті: «Өкінішті ситуация. Жәнібек айқын фаворит еді, бұл – оның деңгейін көрсетуге таптырмас мүмкіндік болатын. Мұндай мүмкіндік спортшының өмірін өзгерте алады», — деді ол.

Ол допингке қатысты көзқарасын да ашық айтты: «Бокста допингке нөлдік төзім. Әрине, спортшының өзін қорғауға құқығы бар, бірақ бұл жақсы көрінбейді. Бұл зат жайдан-жай организмде пайда болмайды. Егер расымен алдап соққаны дәлелденсе, онда оның элиталық деңгейдегі мансабы аяқталуы мүмкін».

Сарапшы орта саланың соңғы жылдардағы күйін де сөз етті: «Орта дивизион соңғы жылдары дұрыс дамымай қойды. Қайта-қайта бір нәрсе болып, жақсы жекпе-жектер кейінге шегеріле береді. Бәрі енді ғана жанданып келе жатқанда мұндай жағдайдың болуы – өкінішті».

Еске сала кетейік, IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBA белбеуінің иегері Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда Сан-Антониода өтеді деп жоспарланған.