Оқу уақыты: 1 мин

«Алтын допты» табыстау рәсімі өтетін күн анықталды

«Алтын допты» табыстау рәсімі өтетін күн анықталды

«Алтын доп» табыстау рәсімі 22 қыркүйек күні өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

2025 жылдың үздік ойыншысы Париждегі Шатле театрында анықталады.

Айта кету керек, биыл «Алтын доп» бұрынғы жылдармен салыстырғанда ертерек табысталады. Соңғы жылдары марапаттау рәсімі қазан айының соңында өтетін.

Былтыр «Алтын допты» «Манчестер Сити» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри жеңіп алды, ал басты фаворит ретінде Винисиус Жуниор саналған еді.

2025 жылы сарапшылар «Алтын допқа» басты үміткерлер ретінде Усман Дембеле, Ламин Ямаль және Рафиньяны атап отыр.