12.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Алтын доп» номинанттары тамыз айының басында жарияланады

«Алтын доп» номинанттары тамыз айының басында жарияланады

France Football мәліметі бойынша, «Алтын доп» беделді футбол сыйлығына үміткерлердің тізімі 7 тамызда белгілі болады.

Жеке футбол марапаттарындағы басты оқиға — салтанатты марапаттау рәсімі 22 қыркүйекте Париждің «Шатле» театрында өтеді.

«Алтын доптың» қазіргі иегері — өткен рәсімде марапатқа ие болған «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Родри.